Мен, Турапов Рахим Маратович 1986 жылы, 25 желтоқсан Алматы қаласында дүние келгенмін. Бірінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Николаевка орта мектебінде оқыдым.Тоғызыншы сыныптан кейін Есіл ауданы Жәлел Кизатов атындағы ауылшаруашылық колледжінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алдым.
2007 жылы осы оқу орнын аяқтап, 2008 жылы ҚР «Қарулы күштерінің қауіпсіздік комитетінде» Отан алдындағы борышымды өтедім. 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан ауылына «Алғашқы әскери дайындық» және дене шынықтыру пәні мұғалімі болып орналастым. 2009 жылы Көкшетау университетіне сырттай жоғары оқу орынына түсіп, 2012 жылы дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдадым.
Қазіргі кезде Қазан орта мектебінің директоры болып қызмет атқарамын. Үйленгенмін, жолдасым-Турапова Алаш 1988 жылы туған, Қазан орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Екі ұлым бар. Турап Жақып 4 сынып оқушысы, Турап Қорған дайындық тобының оқушысы.